Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың тиімді құралдарының бірі – шенеуніктерді бас бостандығынан айыру орындарына апарып, қылмыс жасаған адамдардың ұстау шарттарымен таныстыру.
Осы мақсатта ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментімен бірлесе ұйымдастырған шара негізінде Шымкент қаласы №2 қалалық аурухананың қызметкерлері ИЧ-69 мекемесінде қамауда отырғандарды ұстау шарттарымен танысты.
Ұйымдастырушылар бұл акция әркім өзінің қолындағы бар нәрсені бағалай білуіне, адал қызмет етіп, жемқорлықтың алдын алуға септігін тигізетіндігіне сенім білдіреді.
Акция барысында қылмыстық-атқару жүйесі №2 қалалық аурухананың қызметкерлері түзету мекемесінің режимімен таныстырып, қатысушылар өз кезегінде шарадан алған әсерлерімен бөлісті.