Басшылық
Бегешев Есенгильды Ибрагимович
Заместитель главного врача по охране материнства и детстваГКП на ПХВ "Городская больница №2"
Бегешев Есенгильды Ибрагимович 1959 жылы 13 ақпанда Ресей Федерациясы, Астрахань облысы, Баскунчак ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ.
1979 – 1985 жылдар аралығында Астрахан мемлекеттік медицина институтын «Емдеу ісі» мамандығы бойынша аяқтаған.
1985-1986 жылдар аралығында Астрахан мемлекеттік медицина институтында «Акушер – гинекология» мамандығы бойынша 1 жылдық интернатурадан өткен.
Еңбек жолын 1987 жылғы 18 тамыздан бастап Үш – төбе ауруханасында акушер – гинеколог дәрігері қызметінде бастаған, 1987 жылғы 11 мамырдан 1990 жылғы 19 мамыр аралығында емхана бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған.
1990 жылғы 21 мамырдан 2001 жылғы 09 шілде аралығында «Фосфор» медико – санитарлық бірлестігінде акушер – гинеколог, перзентхана бөлімінің меңгерушісі, бас дәрігердің ана мен бала денсаулығын қорғау жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарған.
2001 жылғы 15 шілдеден 2002 жылғы 31 шілде аралығында Орынбаев медицина орталығында босану бөлімшесінің меңгерушісі қызметін атқарған.
2002 жылғы 01 тамыздан 2020 жылғы 23 қыркүйек аралығында бөлім меңгерушісі, бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарған.
2020 жылғы 01 қыркүйектен бастап бүгінгі күнге дейін №2 қалалық ауруханасында бас дәрігердің ана мен бала денсаулығын қорғау жөніндегі орынбасары қызметін абыроймен атқаруда.
Жалпы еңбек өтілі – 37 жыл. Жоғары санатты акушер – гинеколог. ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі. Акушерлік және гинекологиялық оталардың барлық түрлерін меңгерген. Еңбек жолында жалпы 20 мыңға жуық ота жасаған.
Корпоративтік әдепті ұстанды, жауапкершілік және орындаушылықпен ерекшеленеді, бастамашыл. Көшбасшылық қасиеттерге, аурухана жұмысын ұйымдастыру қабілетіне ие. Қоғамдық жұмысқа белсенді қатысады. Белгісіз жағдайларда белгіленген қалыптан тыс басқарушы шешімдерді қабылдай алады.
Байланыстар
ГКП на ПХВ "Городская больница №2"Мекен-жайы:
Email:
РК, г. Шымкент, Жандосова 92
shgmb17@mail.ru