about us icon Баспасөз орталығы

Жаңалықтар

news image

Жанға дауа, дертке шипа дарытқан

Әлемде ардақты да құрметті бірнеше мамандық иесі бар…

13, мая 2021
Әлемде ардақты да құрметті бірнеше мамандық иесі бар. Солардың бірі – дәрігерлер. Оларды «ақ желеңді абзал жандар», «адам жанының арашашысы» деп те жатамыз. Қалай атасақ та, лайықты. Дәрігерді ұлықтау, құрметтеу – әр адамның азаматтық борышы. Басымыз ауырып, балтырымыз сыздаса, бірден осы кісілерге жүгінетіміз анық.
Дерті жанына батып, маза бермеген соң шымкенттік Айзада Бестайқызы жуырда №2 қалалық көпсалалы ауруханасының гинекология бөлімшесінде ем алған еді. Өзі секілді пациенттерге мейірім төге қарап, емдеп, ақыл-кеңесін берген бөлімше ұжымына емделушінің айтар алғысы шексіз.
– Ахметова Аягөз Әлімбайқызы бастаған дәрігерлер Әнетбекова Ғалия Әсенқызы, Жаппаров Сәкен Мамырұлы, аға медбике Сұлтанова Науан Досанбекқызы күн демей, түн демей қажет кезде жанымыздан табыла білді. Өз істеріне тиянақты, жылы сөз, ізгі лебіздерімен адам жанын жадыратады. Әрі жасаған ем-домдары да көңілге қонымды. Әрбір маманның емделушімен осындай қарым-қатынасы олардың тез жазылуына ықпал ететіні рас. Гиппократ антын өмірлік кредосына айналдырған жандар көп болса екен, – дейді ол.
Ал дәрігерлер гинекология – өте күрделі ғылым екенін айтып отыр. Өйткені әйел ағзасының әр клеткасын толық білмесең, емдеу екіталай. Медицинаның қыр-сыры көп бағытын меңгерген мамандар алдына келген адамның денсаулығын мұқият тексереді. Кез келген адам осындай дәрігердің арқасында ғана денсаулығын қалыпқа келтіреді. Ауыра қалғанда жанға – дауа, дертке – шипа дарытатын жандарға ел ықыласы қашанда ерекше.

Байланыстар

ГКП на ПХВ "Городская больница №2"

Мекен-жайы:

Email:

РК, г. Шымкент, Жандосова 92

shgmb17@mail.ru

phone icon 1414
Бірыңғай байланыс орталығы
phone icon +7 778 003 0399
Call Center
phone icon 49-01-67
Медициналық мекеменің байланыс орталығы