12 мамыр — Халықаралық мейіргерлер күніне орай №2 қалалық ауруханасында марапаттау іс — шарасы өтті. Іс — шарада аурухана бас дәрігері Қанат Махсұтұлы орта буын медицина қызметкерлерін бас дәрігердің құрмет грамотасымен марапаттап, халық денсаулығын жақсарту жолында атқарып жүрген еңбектеріне алғыс айтты.
Сонымен қатар, №2 қалалық ауруханасында мерекеге орай өткізілген сайыста мамандығы бойынша үздік болған орта буын медицина қызметкерлері арнайы дипломмен марапатталып, кәсіподақ тарапынан сыйлықтар табысталды.
1) «Үздік акушер» номинациясы бойынша:
I орын — Дайырша Мереке Әлайдарқызы
II орын — Шарипова Гульнара Ибадуллаевна
III орын — Ибраева Гулжан Сериковна
2) «Үздік стационар медбикесі» номинациясы бойынша:
I орын — Тұрсын Самал Қайратқызы
II орын — Дуйсекова Асел Казыбековна, Кошикбаева Айгерим Косдаулетовна
III орын — Бейсенбаева Багила Кертаевна, Алимова Жанар Бекболатовна
3) «Үздік емхана медбикесі» номинациясы бойынша:
I орын — Кутжанова Меруерт Аюбековна
II орын — Қалжан Нұржамал Саттарқызы
III орын — Молдатілес Ақнұр Ерланқызы